Талдықорғанда оқушы қызды соққыға жыққан жасөспірімдердің ата-анасына айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Талдықорғанда құрбысын ұрды деп айыпталған мектеп оқушыларының ата-аналары сотқа тартылды. Жетісу облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен әрбір отбасына 20 АЕК - 69 мың теңге айыппұл салынды.
Үшеуі бір қызды аяусыз ұрған: Талдықорғандағы мектеп оқушысы кешірім сұрады
Құқық бұзушы қыздарға қатысты ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша әкімшілік іс жүргізу әлі де жалғасып жатыр. Жәбірленуші оқушы қыздың өкілі (оның әжесі) бастапқыда арыз беруден бас тартқан. Алайда кеше қалалық полицияға арызданды. Қыз емделу және толық медициналық тексеруден өту үшін ауруханаға жатқызылды. Қажет сараптамалар тағайындалды.
Полиция жанжалға қатысушыларға қатысты басқа да деректерді тексеріп жатыр. Бейнежазбаның авторы кәмелетке толмаған қыздардың 19 жастағы танысы болып шықты. Ол да анықталып, полицияға жеткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оқушы қыздардың бір-бірін аяусыз соққыға жығып, қатыгездікке баруына не себеп?
Кәмелетке толмаған құқық бұзушы қыздардың әрекеттерін білім беру органдары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен тұратын арнайы құрылған комиссия қарастырады.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде осы тақырыпқа қатысты балағат сөздермен бейнеүндеу жариялаған тағы бір кәмелетке толмаған қыздың ата-анасына айыппұл салынды. Сондай-ақ қыздың өзіне қатысты ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша материал жиналды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!