«Болашаққа саяхат» фантастикалық фильмінің екінші бөлімін көргендер болса, бұл жаңалықтың концептін түсіне алады. Бұл жаңа құрылғы өз фунциясына орай, «ховерборд» деп те аталады.
Ауада көтеріліп тұратын тақтада ұшу әркімнің де арманы екені шындықтан алыс емес. Бірақ қазіргі технологияның оның құрылымын жасауға қауқары жетпейтін. Енді фильмнің шын өмірге ауысқанын сезіне алатын боласыздар.
Arx Pax компаниясы жуырда аталған ховербордтың тәжірибедегі прототипін таныстырды. Ол аппарат Hendo атауына ие болыпты. Ауада қалқи алатын скейт жерден 2,5 см биіктікте қозғалысқа енеді. Және еш қиындықсыз орта салмақты адамды көтере алады.
Өнертапқыштар өнімінің функционалы өте қарапайым. Төрт бірдей қозғалтқыш платформаны жерден итермелейтін кеңістікті қалыптастырады. Әзірге Hendo арнайы неферромагнитті алаңда ғана ұша алады. Кейіннен оны кез-келген ортада қозғалуға бейімдеу қолға алынатын болады.
Қазір инженерлер Kickstarter-ге, яғни стартапқа 250 000 АҚШ долларын жинауға тырысып жатыр. Аталған қаржы ховербордты санамен басқару мүмкіндігін жетілдіретін болады. Сонымен қатар, Жердің тартылыс күші төмен болатын су бетінде де ұшу қабілеті ескеріліп отыр.
Сурет: www.forbes.com