- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ұшақтағы тосынсый". Мақпал...
"Ұшақтағы тосынсый". Мақпал Жүнісова туған күнін ерекше қарсы алды
Танымал әнші Мақпал Жүнісова 59 жасқа толды. Ұшақта жолсеріктер оны туған күнімен құттықтап, тосынсый жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бірнеше күн қызымен бірге Дубайда демалған болатын. Оны елге қайтқан ұшақта жолсеріктер туған күнімен құттықтаған. Видеодан ұшақта отырған әнші бұл тосынсыйды күтпегені көрінеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әншіні танымал шоу-бизнес өкілдері, Желі қолданушылары құттықтаған.
"Туған күніңізбен құттықтаймын, барлық жақсылықты тілеймін", "Туған күніңізбен, әпке", "Туған күнің құтты болсын", "Жарқыраған Мақпал апай! Жаңа жасыңыз, туған күніңіз құтты болсын", "Апажан, туған күніңізбен", "Қандай күшті", - деп жазған олар.
Айта кетейік, Мақпал Жүнісова 1964 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында туған. Ол - кеңестік және қазақ эстрада әншісі, профессор, Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, халықаралық конкурстардың лауреаты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова