Алматы - Астана бағытында ұшып келе жатқан ұшақ бортында жолаушының жағдайы нашарлап, дәрігер ер адамның жанынан біршама уақыт ажырамай, медициналық көмек көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайда жылдам әрекет етіп, жолаушыны аман алып қалған азамат - Аружан Сәдуақасова. Ол резидент-дәрігер. Оның сөзінше, қояншық диагнозы қойылған науқас бортта есін жоғалтқан.
"Бортта науқас есін жоғалтты. Сөйтіп науқаспен бірге жүрген туысы оның жағдайы күрт нашарлағанын байқап, бортсеріктерден көмек сұрады. Олар бортта дәрігер бар-жоғын анықтауға кірісті. Мен жедел түрде араласып, қажетті көмекті көрсеттім. Науқасқа қояншық диагнозы қойылған, оның ұстамасы ұстап қалды. Оның дәрі-дәрмегі жолжүкте кетіп қалған. Ең бастысы, мұндай сәттерде сабыр сақтау, қажетті алғашқы көмек көрсету. Мәселен, тыныс алуына жағдай жасаған дұрыс", - деді ол "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында.
Аружан Сәдуақасова - Қызылорданың тумасы. Қаладағы Республикалық диагностикалық орталықта жұмыс істейді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз