- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұшақта темекі шеккен...
Ұшақта темекі шеккен қыздарға айыппұл салынды
Ұшақ бортында темекі шеккен екі қызға айыппұл салынып, рейстен түсірілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
"Ұшақ бортында темекі шеккені үшін Астана қаласының 20 жастағы тұрғыны акт бойынша "Шарм-Эль-Шейх - Астана" бағытындағы әуе рейсінен түсіріліп, көлік полицейлеріне берілді. Жас қызға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 441-бабы 1-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды (153 150 теңге)", - делінген хабарламада.
Басылым мәліметінше, дәл осындай құқық бұзушылық жасағаны үшін Орал қаласының тұрғыны "Орал - Алматы" бағытындағы әуе рейсінен түсірілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова