Азаматтық авиация комитеті ұшақтың турбуленттілік аймағына тап болуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, бес жолаушы зардап шекті. Зардап шеккен жолаушылардың төртеуі түрлі жарақаттар мен күйіктермен ауруханаға жатқызудан бас тартты. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Мойын омыртқасының жабық сынығына күдікпен Өзбекстан азаматы жедел жәрдеммен ауруханаға жатқызылды.
Рейс жолаушыларына жан-жақты көмек көрсетіледі. Оқиға дерегі бойынша уәкілетті органдар тергеу жүргізеді, оның нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.
Еске салайық, бұған дейін Air Astana әуекомпаниясы ұшағы турбуленттілік аймағына тап болғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!