- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұшақ жолаушысы қону...
Ұшақ жолаушысы қону кезінде қайтыс болды
Фото:
depositphotos.com
Шереметьево әуежайында Баку-Мәскеу рейсінің жолаушысы қайтыс болды. Mash мәліметінше, тамырда пайда болған тромп үзіліп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Су-1857 ұшағы Әзербайжан астанасынан 6 ақпанда кешке ұшып келген. Ұшақ жерге қонуға дайындалғанда жолаушылардың бірі ауырып қалған - ол тұншыға бастайды, содан кейін есінен танып қалған.
Жедел жәрдем терминал тұрағына жеткенде, ер адам әлдеқашан қайтыс болып кеткені анықталған. Дәрігерлер өкпе эмболиясы деген диагноз қойды.
Қону кезінде қысымның күрт төмендеуіне байланысты тромп үзіліп, қанға кетіп қалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан