Батыс Қазақстан облысының көпбейінді ауруханасының дәрігері Таубай Байжекенов Астанадан Оралға ұшып бара жатқан ұшақ бортында толғағы басталған жүкті әйелді құтқарып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Threads желісінде жазды.
"Кеше Астана-Орал рейсінде ерекше жағдайға тап болдым. Ұшу барысында жүктіліктің 27-аптасындағы әйел мерзімінен бұрын босана бастады. Суы кетіп, жедел түрде алғашқы көмек көрсетуге тура келді. Мұндай сәтте дәрігер үшін сабыр сақтап, бар білімі мен тәжірибесін дұрыс қолдану аса маңызды. Нәтижесінде ұл бала дүниеге келді. Барлығы сәтті аяқталды", - деп жазды дәрігер.
Әуе кемесінің экипажы Астана әуежайына қайту туралы шешім қабылдап, жүкті әйелді жедел жәрдем қызметіне тапсырған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!