Астана тұрғыны әуе кемесі бортында полиция қызметкерін балағаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас көлік прокуратурасы мәліметінше, биыл наурызда мас күйдегі жолаушы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қызметтік міндетін атқарып жүрген билік өкілін көпшілік алдында қорлаған.
Сот әйелді кінәлі деп танып, оған айыппұл салған. Үкім заңды күшіне енді.
Прокуратура билік өкілін қорлағаны және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін жауапкершілік көзделгенін ескертті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!