Жапония астанасының әуежайында жолаушылар лайнері мен көлік ұшағының соқтығысуынан экипаждың 5 мүшесі қаза болғаны расталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Олардың барлығы – жағалау күзеті ұшағының экипаж мүшелері. Арасында бір адам, әуе кемесінің капитаны аман қалған. Қазір ол ауыр жарақатпен ауруханада жатыр.
Ал Japan Airlines кемесіндегі жолаушылар арасында қаза тапқандар жоқ. Жергілікті билік бортта болған барлық 400 адам эвакуацияланғанын мәлімдеді. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!