Кеше Грузияда Түркияның C-130 әскери ұшағы апатқа ұшырады. Түркия Қорғаныс министрлігі қаза тапқандардың тізімін жариялап, борттағы 20 әскери қызметші қаза тапқанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еске салайық, кеше Грузия мен Әзербайжан шекарасы маңында ұшақ құлады. Алғашында ол түрік әскери тікұшағы болуы мүмкін екені айтылды.
Кейін Түркия Қорғаныс министрлігі осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Әзербайжаннан елімізге бағыт алған C-130 әскери ұшағы Грузия мен Әзербайжан шекарасында апатқа ұшырады", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Грузия Ішкі істер министрлігі тергеу басталғанын хабарлады. Сондай-ақ, ұшақ апатқа дейін дабыл белгісін бермегені айтылды.
Мемлекет басшысы Түркия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова