Air Astana Алматы–Астана бағыты бойынша KC851 рейс ұшағының шұғыл қонуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Компания мәліметінше, ұшақты қайтару туралы шешімді экипаж борттағы кондиционер жүйесінен шыққан иіске байланысты қабылдаған.
"Ұшақ экипаж шешімімен борттағы кондиционер жүйесіненшыққан иіске байланысты әуежайға қайтарылды. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әуе кемесінің командирі Алматыға қайту туралы шешім қабылдады. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 07:40-та қалыпты режимде қонды", - делінген хабарламада.
Рейс жолаушыларына ыстық және салқын сусындар, сондай-ақ тіскебасарлар ұсынылды. Жолауашылар Астанаға басқа әуе кемесімен сағат 10:15-те жіберілді.
Еске салайық, Air Astana ұшағы түтінге байланысты Алматы әуежайына шұғыл қонды.
2025 жылғы 17 желтоқсанда сағат 07:38-де (Астана уақыты бойынша) Алматы – Астана бағыты бойынша КС-851 тұрақты жолаушылар рейсін орындау барысында Air Astana АҚ-ның пайдалануындағы Airbus A321N EI-KDG әуе кемесінде авиациялық оқиға болды.
"Қазаэронавигация" РМК Әуе қозғалысын жоспарлаудың бас орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес, әуе кемесінің бортында түтін пайда болуына байланысты экипаж MAY-DAY апаттық сигналын жариялаған", - делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жолаушылар мен экипаж мүшелері арасында зардап шеккендер жоқ.
Ұшақ сағат 07:40-та қонған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы әуежайының ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметі жұмылдырылған.
"Қазір авиациялық оқиғаның мән-жайларын Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері нақтылап анықтап жатыр".
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!