Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен тамызда Алматы, Қарағанды, Түркістан, Ұлытау облыстарында терроризмге қарсы іс-шаралар өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Деструктивті діни ағымның жақтаушылары - Қазақстанның бес азаматы мен бір шетелдік ұсталды. Олар өшпенділік пен зорлық-зомбылық идеологиясын әлеуметтік желілер және басқа да жолдармен таратты деген күдікке ілінді.
Заттай дәлелдемелер табылды және алынды, оның ішінде үш ұрыс гранатасы бар.
Күдіктілердің екеуі бұған дейін тонау және ұрлық үшін сотталған.
Ұсталған адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!