Полиция жүргізушілерге рульде бірнеше секундқа еріксіз қалғып кетудің қаупі туралы ескертті, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Аз секундқа қалғып кеткен жүргізуші жолдағы жағдайды бақылаудан айырылып, ауыр апатқа ұшырауы мүмкін. Мәселен, сағатына 100 шақырым жылдамдықпен келе жатқан көлік үш секундта шамамен 83 метр жүреді. Осы қысқа уақыттың өзінде жүргізуші кедергіні байқамай, қарсы жолаққа шығып кетуі ықтимал.
Полиция мәліметінше, мұндай жағдайда адамның көзі ашық болғанымен, миы бірнеше секундқа "ұйқыға кетуі" мүмкін. Ең қауіптісі – жүргізуші өзінің қалғып кеткенін аңғармай қалады.
Рульде ұйқы қыса бастағанын мына белгілерден байқауға болады:
Кофе ішу, музыканы қатты қосу немесе терезені ашу шаршауды толық басып, қалғып кетуден сенімді қорғай алмайды.
Осындай белгілер байқалса, көлікті қауіпсіз жерге тоқтатып, демалу қажет. Полиция ұзақ сапар алдында ұйқыны қандырып, жолда үзіліс жасап отыруға және шаршаған күйде рульге отырмауға шақырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!