- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үш сағат ұшты....
Үш сағат ұшты. Көкшетауда қаланы 15 мәрте айналған ұшақ жұртты шошытты
Көкшетауда қаланың төбесінен үш сағат бойы жолаушылар айналып ұшып жүрді. Мұндай жағдайды бұрын-соңды көрмеген қала тұрғындары алаңдап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұрғындардың айтуынша, ұшақ кемінде 15 мәрте айналған. Ұшақ қаланың төбесінде үш сағаттан астам уақыт бойы ұшқан.
Қалалық әуежай басшылығы кеше болған жағдай жөнінде түсінік берді. Әуежай директорының айтуынша, алаңдауға еш негіз жоқ.
"Кешегі қаланы айналып ұшқан ұшақ ҰҚК шекара қызметі экипажының оқу-жаттығуға арналған жоспарланған ұшу болатын. Ұлттық қауіпсіздік қызметі шекара қызметі экипажының әзірлігінің бекітілген бағдарламалары бар. Бізге өтінішпен шықан соң біз оларды қабыл алдық. Олар өз экипажын түнгі уақытта даярлайды. Түрлі әдістермен айнала жүріп ұшу, қону, жанасу сияқты әдістерді меңгереді", - дейді Көкшетау әуежайының директоры Марат Хасенов.
Абзал Алпысбайұлы
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан