- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үш өңірдегі автожолдарды...
Үш өңірдегі автожолдарды су шайды: елді мекендерге қауіп жоқ
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте Ақтөбе, Атырау және Қызылорда облыстарының әкімдері орынбасарларының қатысуымен осы өңірлердегі су тасқынына қарсы жедел әрекет ету шаралары талқыланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, кеңес кезінде 7 наурызда Ақтөбе, Атырау және Қызылорда облыстарында ауа температурасының күрт көтеріліп, қардың еруіне және жауын-шашынның мол түсуіне байланысты облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды қарғын су шайып өткені туралы хабардар етілді.
Әкімдіктер шұғыл түрде жолдарды нығайту, су ағынын жайылымдық жерлерге қарай бұру бойынша қажетті шараларды қабылдады. Бұған Төтенше жағдайлар департаменті қызметтерінің күштері мен техникасы жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта жергілікті жерлерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Қалған өңірлердегі су тасқыны ахуалының мониторингі – Үкіметтің бақылауында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан