19 желтоқсанда сағат 06:00-де бірнеше республикалық автожолда көлік қозғалысы ашылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖолдың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбе облысында:
- Самара-Шымкент автожолының 526-702 шақырым аралығының учаскесі (БҚО шекарасынан Маржанбұлақ ауылына дейін).
- Ақтөбе-Мәртөк-РФ шекарасы автожолының 23-99 шақырым аралығындағы учаскесі ("Экоойл" жанармай стансасы - РФ шекарасы);
- Самара-Шымкент автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).
- Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы автожолының 12-250 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қ. - Қарауылгелді а.).
Батыс Қазақстан облысы:
- Самара-Шымкент автожолының 272-526 шақырым аралығының учаскесі (Барбастау ауылынан БҚО шекарасына дейін).
Қызылорда облысы:
- Самара-Шымкент автожолының 1240-1357 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасы - Арал қ.).
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз