Үш өңірде бірнеше республикалық маңызы бар жол жабылды

Үш өңірде бірнеше республикалық маңызы бар жол жабылды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Жамбыл, Қостанай және Ақмола облыстарында ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҚазАвтоЖолдың" мәліметінше, мына жолдарда:

  • 6 қарашада сағат 18:00-де Жамбыл облысында республикалық маңызы бар А-2 Алматы-Ташкент-Термез автожолының 534-593 шақырым аралығында (Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін) жүк көліктерінің қозғалысына; 
  • 6 қарашада сағат 19:00-де Қостанай облысында республикалық маңызы бар А-16 Жезқазған-Петропавл автожолының 339-377 шақырым аралығында (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына;
  • 6 қарашада сағат 19:00-де Ақмола облысында республикалық маңызы бар А-16 Жезқазған-Петропавл автожолының 377-440 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына көлік қозғалысы шектеледі.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлаған едік.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан