10 наурыз сағат 08.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды облысында жалпы ұзындығы 118 км 1 автожол.
(Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)
1. "Қызылорда-Павлодар" - Ұлытау обл.шек-Топар к.
(автокөліктің барлық түрлері үшін)
Қостанай облысында жалпы ұзындығы 83 км 1 автожол.
(Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)
1. "Жезқазған-Петропавл" - Ұлытау обл.шек-Арқалық қ.
(автокөліктің барлық түрлері үшін)
Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 543 км болатын 2 автожол.
(нөлден төмен температурадағы жаңбыр, көктайғақ)
1. "Жезқазған-Петропавл" - Жезді а-Қостанай обл.шек.
2. "Қызылорда - Павлодар" -Жезқазған қ.-Қарағанды обл.шек.
(автокөліктің барлық түрлері үшін)
Республикалық маңызы бар автожолдардың бүкіл желісі бойынша шектеу 744 км-ге немесе бүкіл желінің 2,98% - на қолданылады.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 265 бірлік техника және 285 адам жұмылдырылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!