Үш облыста ауа райына байланысты жол жабылды

Үш облыста ауа райына байланысты жол жабылды
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда 3 республикалық маңызы бар тасжолда көлік қозғалысына шектеу қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" мәліметіне сілтеме жасап.

2025 жылғы 29 желтоқсан сағат 9:00-дағы жағдай бойынша, ауа райының бұзылуына байланысты 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылған.

Атырау облысы:

  • "Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау" автожолының 130-210 шақырым аралығы (Құлсары ауылынан Маңғыстау облысының шекарасына дейін).

Жетісу облысы:

  • "Үшарал – Достық" автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктұма ауылынан – Достық станциясына дейін).

Маңғыстау облысы:

  • "Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау" автожолының 210-632 шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасынан Шетпе ауылына дейін).

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget