Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, 26 мен 28 наурыз аралығында ауаның оң мәнді температурасының сақталуы мен ары қарай жоғарылау болжамына байланысты Қостанай облысының басым бөлігінде қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі жалғасады, бұл ретте өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі және судың жайылуы, сондай-ақ жергілікті маңызы бар жолдарды еріген қар суларымен су тасқыны қаупі болуы мүмкін.
"26 мен 28 наурыз аралығында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында температуралық фонның жоғарылауына және жауын-шашынның түсіуне байланысты қарқынды қар еруі, еріген қар ағындысының қалыптасуы, мұздық құбылыстардың әлсіреуі және өзендерде су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін, бұл ретте судың жайылуы және тасқыны болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!