Бірнеше қалада заңсыз есірткі айналымына қатысы барлар ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы бірнеше адам аса ірі мөлшердегі есірткінің заңсыз айналымын жүзеге асырмақ болған.
"Алматы, Астана және Орал қалаларында шетелден есірткі алған адамдар ұсталды, дайындалған есірткіні кейін сатып, өңірлер бойынша жеткізу халық тұтынатын қарапайым тауарлар секілді жүргізілген.
Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде шамамен 60 грамм гашиш майы, 700 грамм марихуана тәркіленді. Сондай-ақ, Алматы қаласында есірткі белгілері бар өсімдік тектес заттарды өсірумен айналысқан зертхана анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Ұсталған төрт адам УҰИ-ға қамалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!