Үш қалада арнайы операция жүргізіліп, ҰҚТ басшылары ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы тапсырмасының аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстың елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға тигізетін әсерін төмендету бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.
2022 жылғы 3 қаңтарда ҚР ҰҚК мен ІІМ Ресейлік Федералдық қауіпсіздік қызметі және ІІМ-мен бірге Байқоңырда құрамына Қазақстан және Ресей азаматтары кірген қоғамға қауіпті ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесу бойынша бірлескен арнайы операцияны іске асырды.
Бір уақытта Астана, Қызылорда және Қонаевта бұл топтың көмекшілері ұсталды.
Жалпы, арнайы операция барсында ұйымдасқан қылмыстық топтың 18 басшысы мен белсенді мүшесі ұсталды.
Олардың тұрғылықты жері бойынша қару, ақшалай қаржы және тергеу үшін қызығушылық тудыратын өзге де материалдар алынды.
Қылмыстық топтың адам ұрлауға, бопсалауға, қарумен қарақшылық шабуылдау және ұрлыққа қатысы бары анықталды. Қылмыстық элементтер ұзақ уақыт бойы Байқоңыр қаласы және Қызылорда облысындағы қылмыстық ахуалға кері әсер етіп келіп, ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасауда қатыгездіктерімен ерекшеленген.
Мысалы, 2022 жылғы қыркүйекте қылмыстық топтың қатысушылары арасындағы қарулы қақтығыс салдарынан көшеден өтіп бара жатқан бейбіт адам оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған.
ҰҚК қызметкерлері арнайы операцияны прокуратурамен келісе отырып, жедел-іздеу және техникалық іс-шаралардың кешенін жүргізу арқылы көп ай бойы тыңғылықты әзірлеп келген.
Қазір соталды тергеу аясында ұсталғандардың өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп, қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!