Қариясы бар үй - қазыналы. Алайда бүгінде "қарттар үйі" қарттың орны болып бара жатқандай. Бұрын мүлде таңсық болған нәрсе бүгінде үйреншікті нәрсе болып кеткендей. Тек бір нәрсе қуантады: кейінгі үш жылда қарттар үйіне табысталған қариялар саны азая бастаған. Massaget.kz тілшісі қарттар үйіне қатысты статистикаға шолу жасады.
Қазақстанда қанша қарттар үйі бар?
Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдар, оның ішінде жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмайтын қарт адамдарда, мүгедектік және ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуына әкеп соқтырған адамдарда арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер алуға құқылы.
"Оларға халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша стационар, жартылай стационар, уақытша болу жағдайларында және үйде арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар нысанында құрылған жағдайларында ұсынылады", - делінген Massaget.kz тілшісіне берілген ресми жауапта.
Бүгінгі таңда республика бойынша 2023 жылғы 1 жартыжылдығындағы жағдай бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған 44 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы (қарттар үйі) жұмыс істеп тұр.
Қарттар үйінде қанша қария бар?
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қарттар мен 1-2 топтағы жалғызілікті мүгедектігі бар адамдарға арналған стационарлық жағдайда қызмет көрсететін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында соңғы үш жылдықтың қорытындысы бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында 18 071 қарт адамға қызмет көрсетілген.
"Жалпы кейінгі 3 жылдықтың көрсеткіштеріне сәйкес, 2021 жылы - 4 461, 2022 жылы - 4287 және 2023 жылдың 1 жартылдығының қорытындысы бойынша 4 243 қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді"
Ең көбі қай өңірде орналасқан?
Бүгінде елімізде халықты әлеуметтік қорғау саласында қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған 44 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары жұмыс атқарады. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының ішінде:
- Шығыс Қазақстан облысында - 6 орталық;
- Ақмола және Батыс-Қазақстан облыстарында - 5 орталық;
- Қарағанды және Жамбыл облыстарында - 4 орталық;
- Қостанай облысында - 3 орталық;
- Абай, Павлодар, Солтүстік-Қазақстан облыстары және Алматы қаласында 2 орталықтан;
- өзге өңірлерде 1 орталықтан бар.
Қарттар үйіндегі қарияларға қандай жағдай жасалады?
Қарт адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес, келесідей жағдайларды жасауы тиіс:
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!