2022 жылы жазда жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны аман-есен табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Lider.kz еріктілері мәлімдеді.
1990 жылы туған Абай Юсупұлы Шамақов 2022 жылы 14 маусымда жоғалып кеткен. Ол сол күні таңғы сағат 7-де Еңбекшіқазақ ауданы Рахат ауылындағы үйінен шығып кеткен.
Еріктілердің айтуынша, жоғалған адам 2025 жылы 25 қаңтарда аман-есен табылған. Алайда мән-жайы туралы толық ақпарат берілмеді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!