Үш жыл бойы Кореяда жұмыс істеп, балаларына тосынсый жасаған әйел жұртты жылатты

Үш жыл бойы Кореяда жұмыс істеп, балаларына тосынсый жасаған әйел жұртты жылатты

Кореяда үш жыл жұмыс істеп, елге оралып, балаларына айтпай күтпеген жерден кездескен ана мен балаларының видеосы жұртты жылатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны TikTok-қа Жадыра Қадыржан есімді қолданушы жүктеген. Видеода алдымен анасын ұлы көріп, жүгіріп келіп құшағына басады. Артынша анасының шет елден келгенін қызы да көріп, анасының құшағына қарай жүгіре кетеді. 

"Кореяда үш жыл жұмыс істеп, балаларыма айтпай, мектепке бардым. Ұлым мен қызыма мектепке келдім. Бүкіл мектеп жылады", - делінген видеода. 

@zhadyra_kadyrzhan

♬ оригинальный звук - Ж@ко

Жадыра Қадыржан Кореяда балық өнімдерін жасайтын мейрамханада жұмыс істеген. 

@zhadyra_kadyrzhan

♬ оригинальный звук - Ж@ко

Жадыра Желіге жүктеген видео 3 миллионнан аса қаралым жинаған. Қолданушылар көз жасына ерік берген. 

"Анамды үш күн көрмесем сағынамын. Үш жыл деген сұмдық", "Кореяға еріккеннен бармайды ғой, бала-шағаның қамы", "Бүкіл мектебің не, біз жыладық қой", "Жай қарап қалып едім, мен де жылап қалдым ғой", "Көріп көзден еріксіз жас шығып кете береді екен", "TikTok көруді доғарам-ау күні бойы жылап, дымым қалмады", - дейді Желі қолданушылары. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина