- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Үш жасымнан бастап...
"Үш жасымнан бастап жақсы көрдім ғой". Сәкен Майғазиевті көрген жанкүйері жылап қалды
Танымал әнші Сәкен Майғазиевті көрген жанкүйері жылап қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеоны әлеуметтік желіде өнер иесінің өзі жариялады. Кадрлардан сүйікті әншісін көрген тыңдарман көзіне жас алғаны көрінеді.
"- Қой толқыма, жаным. Рақмет! Көңіліңнен айналайын.
- Мен негізі үш жасымнан жақсы көрдім ғой. Рас.
- Рақмет. Бақытты бол", - дейді видеода әнші мен жанкүйері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әнші жанкүйеріне ізгі тілегін білдірді.
"Осындай жанкүйер кімде бар? Алтыным сол, бақытың баянды болсын. Кім мені қанша жастан бастап жақсы көре немесе жек көре бастады?" - деп жазды әнші.
Желі қолданушылар да өнер иесі күллі халықтың сүйіктісі екенін жарыса жазды.
"Сәкенді бәріміз жақсы көреміз!!! Сексенге қараған әкемізден бастап, бесіктегі баламызға дейін", "5-ші сынып оқитын кезім дәптердің сыртына фотоларыныз шығатын. Максат бар ол кезде", "Музартты кім жақсы көрмеді", "Қойшы енді жыламашы. Бізді де боздаттың ғой", "Жылы, жасым есімде емес, бірақ Мақсат ағамыз группада бар кезінен, кассета алатынбыз, магнитофонға қосып қойып", "Алтын баласың ғой, Сәкенжан. Отбасымызбен жақсы көреміз. Әрбір ісіңе сәттілік!", "Мен сіздің өлеңдеріңізды 2001 жылдан бастап жаксы көріп тыңдаймын, аман жүріңіз", - дейді олар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова