Үш ғарышкер «Союз МС-04» кемесінің аппаратымен орбитадан Қазақстанға оралды, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
«Ұшуларды басқару орталығының мәліметінше, аппарат Астана уақытымен 07:22-де жерге қонған. ХҒС экипажының мүшелері эвакуацияланды. ««Союз МС-04» экипажының үш мүшесі сәтті эвакуацияланды, олар үшін жақсы сезінеді», - деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.
Жерге оралғандардың ішінде ресейлік ғарышкер Федор Юрчихин, NASA астронавттары Джек Фишер мен Пегги Уитсон бар. Аппаратты қабылдап алу үшін «Росавиация» төрт басқару бекетін ұйымдастырып, оған екі Ан-12 мен бір Ан-26 үшағы, 12 Ми-8 тікұшағы, алты іздеу-эвакуациялау машинасы мен бір қосалқы техникасын жұмылдырды.
дереккөзі: inform.kz