Уақыт өтіп, заманауи технология дамыған сайын қарапайым заттарға да өзгерістер еніп жатыр. Мысалы, жуырда ғана электрлі скейтбордтың жасалғандығы туралы хабарлаған болатынбыз. Ал бүгін үш дөңгелекті, орындықсыз жасалған велосипедтің жаңа түрі туралы біле аласыздар.
Kolelinia компаниясы үш дөңгелекті, орындықсыз Halfbike II атты жаңа велосипед жасаған. Бұл – "жартылай велосипед" қарапайым велосипедтің жаңа дамыған үлгісі.
Сонымен қатар, оны "бүктеп", жинауға болады. Оның көлемі 100 х 40 х 110 см. Ал жиналғандағы көлемі 100 х 40 х 52 см. Cалмағы 8,2 килограммды құрайды.