"Үш чупа чупстың дәмі әдемі ғой". Желіде үш әйелі бар екенін айтқан ер адам сынға қалды

"Үш чупа чупстың дәмі әдемі ғой". Желіде үш әйелі бар екенін айтқан ер адам сынға қалды
Фото: Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде үш әйелі бар екенін айтып, мәлімдеме жасаған ер адам сынға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео 500 мыңға жуық қаралым жинаған. Онда ер адам үш әйелі бар екенін, үшеуі үш түрлі екенін айтады.

"Менің үш әйелім бар. Пайдасы - ассортимент. Ассортимент, әртүрлі вариант бар деген сияқты ғой. Әрқайсының өзінің ыңғайы бар. Әрқайсының мінез-құлқы, қылығы, көркі бар. Әрине, бір чупа чупстен гөрі үш чупа чупстың дәмі әдемі ғой. Бір балмұздақтан үш балмұздақтың дәмі әртүрлі болса, әдемі. Бір көліктен гөрі үш көлігің болса, керемет емес пе деген әңгіме, жігіттер, ақиқатында", - дейді видеодағы ер адам.

@akylbek.mendigaliuly

?

♬ оригинальный звук - Ақылбек Меңдіғалиұлы

Ал TikTok қолданушылары оның бұл пікіріне жағымсыз пікірлер жазып, дұрыс емес екенін айтқан.

"Мен еркек болсам да келіспеймін. Бір адамды сүйіп, оны құрметтеу керек, әр қатынның қасына жатып жүрген болмайды. Махаббат тек бір адамға болу керек", "Төмен әңгіме", "Қатырдым деп тұрсың ғой", "Керемет бірнәрсе жасағандай, мәз ғой", "Теңестіретін затты тауыпты, әйел қайда, чупа чупс қайда?", "Мақтаныш па сол да?" - дейді пікір жазғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz