- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үш баланың анасы...
Үш баланың анасы мас күйінде көлік жүргізген
Ақтөбе қаласының полицей қызметкерлері мас күйінде рөлге отырған үш баланың анасын байқаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Диапазонға сілтеме жасап.
Полицей қызметкерлері мас жүргізушіні көшеден байқаған. Олардың айтуынша, көліктің қозғалысы олардың күдігін тудырған.
"51 жастағы әйел көлік жүргізген. Медициналық сараптама оның көлікті жеңіл мас күйінде басқарғанын көрсетті", - делінген хабарламада.
Бұған дейін әйел 2021 жылдың мамыр айында мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен 3 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Жазаға және кәмелетке толмаған үш баласының болуына қарамастан, ол бұл жолы да мас күйінде рөлге отырған.
Қазіргі таңда жүргізуші уақытша ұстау изоляторына жіберілді. Ол 5 жылға дейін бас бостандығынан және өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы