Үш айлық жолбарыс пен арыстан күшіктерін Қазақстанға заңсыз әкетпек болған адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ресейдің Федералды кеден қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, аң күшіктерін Астрахан облысындағы "Қараөзек" өткізу бекетінде жолаушылар көлігін тексеру кезінде байқап қалған. 60 жастағы көлік жүргізушісі оларды көліктің артқы орындығындағы пластик тасымалдағышпен алып шықпақ болған.
Ер адамның рұқсат құжаты болмаған, аң күшіктерін Шешенстан Республикасында сатып алған. Ол жануарларды Қазақстандағы жеке зообаққа сатпақ болған екен.
Жануарлар тәркіленді. Контрабанда дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!