Танымал блогер, актер Нұрсұлтан Жақсыген 3 айда 60 миллион теңгеге салған үйін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
"Дизайнер болды. Маған жеке өзі шықты. Еңбекақысын айтты, мен жарнамасын істеп бердім. Барлық шығынды есептеп берді. Үй 200 шаршы метр. Архитектор салғанда үй кіші көрінген, кейін үлкен екенін түсіндім. Үй үш ай ішінде салынды. Ақшаны жинап қойдым. Алғашында 4 миллионмен бастадым, кейін үй аяқталған соң көк дәптерімді ашып қарасам, бас-аяғына 60 миллион теңгеге жуық шығын кеткен. Жиһазды есепке алғанда. Үй шығынының 30 пайызы жарнамадан келді, әйтпесе 60-тан жоғары шығатын еді", - дейді блогер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!