Үш ай бойы қыр соңынан қалмаған: ШҚО тұрғыны сталкинг бойынша сотталды

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны бұрынғы бірге тұрған әйелін аңдығаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мән-жайы

Облыс орталығының тұрғыны үш ай бойы бұрын бірге тұрған әйелін аңдып, телефон соғып, қоқан-лоқы көрсетілген хабарламалар жіберген, сондай-ақ, оның көлігіне зақым келтірген.

Сот үкімі

Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы оның екі эпизод бойынша да кінәсін толық дәлелдеген.

Айыпталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 115 және 115-1-баптары бойынша кінәлі деп танылып, 160 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!