Үш алтын, үш күміс және арнайы орден. Қазақстандық студент Голливудта 7 жүлде алды

Ж.Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінің студенті Әлихан Нұржауов өнерден әлем чемпионатында 7 жүлдеге ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық студенттің жетістігі туралы ақпаратты Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі таратқан. 

"Әлихан Нұржауов үш алтын және үш күміс медаль жеңіп алды. Оған қоса қазақстандық студентке кәсібилігі мен шеберлігін растайтын арнайы орден табысталды. Нәтижесінде, әлемдік модельдердің үштігіне енген ол енді әйгілі Versace және Gucci брендтерімен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр", - делінген хабарламада.

Әлихан Нұржауов Алматы қаласында туған. Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінде театр және кино актері мамандығында оқып жатыр.

Жақында актер ретінде дебют жасап, ресейлік сериалда басты рөлді сомдаған.  

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!