Алматыда 3 адамның өліміне әкеп соққан автобус апатына қатысты сот отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот жарыссөзінде Дархан Ахмеджанов соңғы сөзін айтты. Сот кеңесу бөлмесіне кетті.
"Сот актісі 26 сәуірде сағат 16.30-да жарияланады", - деп жазылған Жоғарғы сот мәліметінде.
Сотталушы бұзақылық жасағаны және абайсызда үш адамның өліміне әкеп соқтырған көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету ережелерін бұзғаны үшін айыпталып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы автобус апатынан үш адам мерт болғаны хабарланған еді. Кейін қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталғаны белгілі болды. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Сонымен қатар, қайғылы оқиғадан қанша адам зардеп шеккені белгілі болды. Жол апаты қалай болғаны бейнебақылау камерасына да түсіп қалған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз