- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үш адам қаза...
Үш адам қаза тапқан жол апаты видеоға түсіп қалды
Маңғыстаудағы Мұнайлы ауданында болған жол апатынан екі көліктің жүргізушісі мен жолаушы оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды lada.kz.
Маңғыстау облыстық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Мұнайлы ауданы Қызылтөбе ауылында 27 шілде күні сағат 16.30 шамасында болған.
Г. Досымшалова"Volkswagen Passat автокөлігінің жүргізушісі Ақтау қаласына қарай бара жатып, қарсы жолаққа шығып, Volkswagen Passat автокөлігіне жол бермей, соқтығысты. Көліктердің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды",- делінген хабарламада.