Айқын Төлепберген отбасында кім көп ашуланатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы жұлдызды жұп "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
"Үйде көп ашуланатын мен, егер көңіл күйім болмаса, онда мені белгілі бір уақыт ішінде мазаламау керек", - дейді Айқын.
Ал Жұлдыз Өмірғали кешірімді екенін айтты.
"Бізде қарым-қатынас алғаш басталған кезде күнде ұрысатынбыз. Бір-біріміздің кемшілігімізді айтып. Енді ол кезде отбасында тәжірибе жоқ мен де айтқым келеді, сондықтан қарсы шығатынмын. Ал қазір екі бала бар, олардың көзінше дауыс көтеріп қалсаң, олар шошып отырады. Сондықтан жүйкем маған керек, мен де тыныштықты қалаймын. Бірақ үйдегі басты ереже қанша ұрыссақ та бөлек жатпаймыз", - дейді Жұлдыз Өмірғали.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!