Шымкентте ер адам үйінде өлі табылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
7 қаңтарда сағат 00:40 шамасында Шымкент қаласы ПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Қазанқап ақын көшесіндегі үй тұрғындарынан көрші пәтерде жанжал болып жатқаны туралы хабарлама түсті.
Жедел-тергеу тобы белгісіз біреулер пәтер тұрғынын, 42 жастағы ер адамды ұрып-соққанын анықтады. Ол дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза болған.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі (Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша СДТТБТ-ға тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір соталды тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!