- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ұрып-соғып, ақша талап...
"Ұрып-соғып, ақша талап еткен". Шетел азаматын қамауда ұстаған күдіктілер ұсталды
Атырауда шетел азаматын қамауда ұстап, бопсалаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 1993 ж.т. Өзбекстан Республикасының азаматын күш қолдану арқылы заңсыз ұстаған күдіктілерді ұстады.
"Олар қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 30 жастағы шетелдікті ұрып-соғып, 1 100 000 теңгені банк есепшоттарына аударуды талап еткен. Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Күдіктілер 1987 ж.т. және 1991 ж.т. Өзбекстан және Қазақстан Республикасының азаматтары қамауға алынды", делінген хабарламада.
Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігімен, 126-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілерге қатысты "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жайыққызы