Ерлердегі белсіздік ұрық жүйесінің туа біткен немесе жүре пайда болған бұзылыстарына байланысты, соның ішінде автокөлікте жылытылатын орындықтарды пайдалану салдарынан дамуы мүмкін. Негізгі себептерді уролог-андрологтар Сергей Беломицев пен Андрей Дмитриев атады. Бұл туралы lenta.ru жазды.
Уролог, медицина ғылымдарының кандидаты Сергей Беломицевтің айтуынша, бүгінгі таңда белсіздікті ер мен әйелдің балалы бола алмауына байланысты контрацепциясыз 12 айлық тұрақты жыныстық қатынастан кейін жүктілікке қол жеткізу мүмкін еместігімен сипатталатын ауру.
Дәрігердің айтуынша, белсіздік ұрық жүйесінің туа біткен немесе жүре пайда болған бұзылыстары, қатерлі ісіктердің нәтижесінде дами алады. Несеп-жыныс жүйесінің қабыну аурулары, әртүрлі эндокриндік бұзылулар және генетикалық ауытқулар, сондай-ақ иммунологиялық факторлар мен эякуляцияның бұзылуы оған әкелуі мүмкін.
"Көптеген ердің неліктен сәби сүйе алмайтыны, тексеруден кейін эякуляция көрсеткіштерінің төмендеуінің себептері анықталмай қалады, мұндай белсіздік идиопатиялық болып саналады. Ол 30-40 пайызға жетеді", - деді уролог Сергей Беломицев.
Өз кезегінде уролог-андролог Дмитриев ерлердің балалы бола алмайтынын салауатты өмір салтын ұстанбағандықтан екенін айтты. Аурудың даму қаупін арттыратындар – дұрыс тамақтанбау, темекі шегу, алкогольді шамадан тыс тұтыну, созылмалы стресс, физикалық белсенділіктің төмендеуі, қолайсыз экологиялық жағдайлар.
"Белсіздік белгілі бір дәрі-дәрмектерді қабылдау кезінде пайда болуы мүмкін. Ванна мен сауналарға жиі бару, сондай-ақ көліктегі жылыту орындықтары сперматозоидтардың сапасы мен қозғалғыштығына теріс әсер етеді. Сонымен қатар, жас ұлғайған сайын сперматозоидтарда мутациялар көбейеді. Мысалы, 50 жастан асқан ер адамдарда 35 жасқа дейінгі ерлермен салыстырғанда балалы болу ықтималдығы 33 пайызға төмен", - дейді уролог-андролог Андрей Дмитриев.
Айта кетейік, бұған дейін ыстық ванна, монша мен сауна ерлердің денсаулығына қалай әсер ететінін уролог-андролог Тұрар Құрманбеков айтқан болатын.