Уролог, медицина ғылымдарының докторы Виген Малхасян бүйрек саулығын қалай сақтауға болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "СЭ"-ға сілтеме жасап.
Оның айтуынша, нұсқаулар өте қарапайым, сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішу және жануарлар ақуызы мен ас тұзын тұтынуды азайту. Сонымен қатар, ысталған ет, шұжық пен жартылай дайын өнімдерді жемеген абзал.
Дәрігер алкоголь ішуден бас тартып, міндетті түрде жоспарлы медициналық тексеруден өтуді ұсынды.
"Жыл сайын қан, зәр және бүйректің ультрадыбыстық зерттеуінен өту кез келген бүйрек ауруын ерте анықтап, уақытылы ем алуға мүмкіндік береді", - деп қорытындылады сарапшы.
Бүйрек ауруларының алдын алу шаралары:
Сондай-ақ, бүйрек саулығы үшін күшті шай мен кофеден бас тартып, оларды шөптік сусын немесе минералды сумен алмастырған жөн.
Айта кетейік, бұған дейін бүйрек қабынбас үшін не істеу керегі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Жасыл жапыраққа қызыл шыны арқылы қарасақ, бізге ол қандай түспен көрінеді?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!