- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұрлық жасап, адам...
Ұрлық жасап, адам зорлап, кісі өлтіргені үшін сотталған қазақстандық Сирияға кетпекші болған
Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылғы 22 желтоқсанда Алматының әуежайында шетелдік террористік орталықтарға барып қосылуды жоспарлаған Қазақстан азаматын елімізден ұшып кетпекші болғанда ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұрын ол ұрлық, зорлау және кісі өлтіргені үшін сотталған.
"Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған", - деп хабарлады ведомство.
Сондай-ақ ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деп күдікке ілінді.
Қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан