- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ұрлық жасағаны үшін...
Ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүрген ресейлік Астанада жүрген
Ұрлық жасағаны үшін іздеуде жүрген ресейлік Астанада жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицейлер Кемеров облысының аумағында ауыр қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей азаматын ұстады.
30 жастағы әйел Астана қаласының Қабылдап-тарату орнына белгілі бір тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам ретінде жеткізілді.
Кемеров облысының 30 жастағы тұрғыны 2023 жылдың наурыз айында соттан жасырынып Қазақстан Республикасына шығып кеткені анықталды. Елордада әйелдің тұрақты тұрғылықты жері болмаған, кездейсоқ табыстармен күн көріп, жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтып алған.
Ұсталған адамға Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 158-бабының 3-бөлігіне сәйкес тұрғын үйге заңсыз кірумен жасалған ұрлық айыбы тағылған.
Қазіргі уақытта айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Минск Конвенциясына сәйкес Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина