Прокуратура ұрлық дерегі азайып келе жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ресми мәліметке сүйенсек, биыл 11 айда ұрлық статистикасы 28,1 пайызға, 40 458-ден 29 089-ға дейін төмендеген.
"Ұрлықтың ең көбі Алматы және Астана қалаларында (6 675/3 727), ең азы Манғыстау және Ұлытау облыстарында тіркелген (396/298)", - деп жазылған хабарламада.
"Ұялы телефон ұрлығының ең көбі Алматыда (1 989) және Астанада (669), ең азы Ұлытау облысында (54)", - деп жазылған хабарламада.
"Мал ұрлығының ең көбі Алматы (194), Абай (126), Түркістан (114), Жетісу (97) облыстарында тіркелген", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін автобуста ұрлық жасаған ақтөбелік видеоға түсіп қалғаны хабарланды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз