"Ұрлауды қойып, жұмыс істеп, дамуды қашан үйренеміз?" Баян Алагөзова "Қазақфильм" ғимаратын сынға алды
Танымал продюсер Баян Алагөзова "Қазақфильм" киностудиясының ғимаратын сынға алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы продюсер Instagram-парақшасында айтты.
"Мына ауыр жағдай туралы бөліспей кете алмаймын. "Қазақфильмнің" әжетханасы қандай күйде екенін қараңыз. Мемлекет мына сұмдықты реттеуге қанша қаражат бөлді? "Қазақфильмде" жүргеніме 30 жыл болды, ештеңе өзгерген жоқ. Сондай ұят нәрсе. Осы мәселені көтеретін басшы қашан пайда болады? 30 жыл бұрын фильмге түстім. Сол баяғы күйі. Бұл біздің киноиндустриямыздың ұлттың бет-бейнесі. Ұрлауды қойып, халық мүддесі үшін жұмыс істеп, дамуды қашан үйренеміз?", - дейді продюсер.
Айта кетейік, "Қазақфильм" киностудиясы 1934 жылы Алма-Ата кинохроника студиясы ретінде құрылды, 1936 жылы алғашқы деректі фильмдер шықты. 1941 жылы 15 қарашада Алма-Ата киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм" және "Ленфильм" киностудияларымен біріктірілді. Орталық біріккен киностудия - ЦОКС, олар 1944 жылға дейін Алматыда жұмыс істеді және бүкіл отандық көркем фильмдердің 80 пайызын өндірді.
1960 жылы 9 қаңтарда көркем фильмдер мен кинохроникалардың Алма-Ата киностудиясынан "Қазақфильм" киностудиясы болып өзгертілді. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың есімі берілген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина