Үржарда 11 мың гектар жер заңсыз берілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Абай облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Үржар ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының шекаралық белдеуінен мал шаруашылығын жүргізу үшін заңсыз 11 мың гектар жер берілгенін анықтады.
Аудан прокурорының ұсынумен 9,2 миллион теңгеге 7,8 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылып, қалғандары бойынша сотқа талап-арыз берілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!