- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Үреймен өмір сүреді:...
Үреймен өмір сүреді: Талдықорғанда тот басқан темір-терсек баланың басына құлап кетуі мүмкін
Талдықорғанда бүтін бір ықшамауданның тұрғындары абаттандыру жұмыстарын жүргізуді бірнеше жылдан бері талап етіп жүр. Алайда құлақ түріп, іске кірісетін шенділер жоқ. Салдарынан, ауладағы әткеншектер мен белтемірлер тот басып біткен. Жұрт саудасы біткен темір-терсек ойнап жүрген баланың басына құлап кете деп қорқады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Ұлан ықшамауданындағы ауланың келбеті осы. Сыртынан қарасаң, жылдар бойы қараусыз қалған айдаладағы алаңқай сияқты. Мұндағы тұрғындар қауіпсіздік деген ұғымды баяғыда ұмытқан. Ойын баласы не білсін? Асыр салған кезде сырғанақтар құдды бір қазір морт етіп бөлінуге дайын тұр.
"Осы үйде тұрғаныма мысалы 35 жыл болды. Бір рет ремонт болған жоқ. Ештеке көрмейміз. Далада тұрғандай тұрамыз. Балалар ойнайтын жер жоқ", - дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Сәуле Төлегенова.
Балаларының өміріне алаңдаған ата-аналардың жанайқайына құлақ түретін атқамінерлер де жоқ деп отыр. Әкімдіктің талай табалдырығын тоздырғанымен әлі күнге дейін еш нәтиже шықпағанына қараша наразы.
"4 балам бар. Жан-жаққа ойнатуға жағдай жоқ бізде. Баланы шығарып, бірге жүресің осылай. Апарсақ басқа домның есік алдына апармыз қайыршылар құсап. Әкім өзі кеп көрсінші. Балалрын ойнатып көрсін осы жерде", - дейді Талдықорған қаласының тұрғыны Мөлдір Күдербаева.
Ал әкімдіктегілердің айтатыны бір. Бірақ, сөзінің іске асатыны екіталай. Бұл жолы да шенділер абаттандыру жұмыстарын жүргіземіз деп сендірумен ғана болған.
"Жобалау сметалық құжаттаманы әзірлеп жатырмыз. Қазіргі уақытта жоба сараптамадан өту үшін қажетті құжаттар дайындалып жатыр. Сараптамадан өткеннен кейін қаражатқа байланысты құрылысмонтаж жұмыстары басталады", - дейді Талдықорған қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы Рамиль Рахымбаев.
Ал, бұл жұмыстардың биыл біте қоймайтыны белгілі. Өздерінің жоспары бойынша, абаттандыруды келесі жылы жүргіземіз деп отыр. Енді балалары үшін әбден сары уайымға салынға ата-атаналардың күтуден басқа шарасы жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина