Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм” киностудияның аумағын қытай көліктерінің тұрағына айналдырды деп сынға қалған Азамат Сатыбалды әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актердің жазбасын желі оқырмандары жарыса бөлісіп, "әр сөйлемі жігерлендіреді" деп баға берді.
"Бүгін қиын. Ертең одан да қиын болады. Арғы күні жеңістің дәмін сезетін боласын. Бірақ, біраз адамдар орта жолда беріліп қояды. Ең бастысы сену және шыдау. Қайда бара жатқаныңды сенен басқа ешкім білмейді. Орта жолда жаман ой салып бағытыңнан адастыратындарға жол берме. Олардың лақтырған тасы қайта қамшы болып, сені шабыттандыру керек. Оладың мақсаты – сені жолдан тайдыру, ал сенің мақсатың – белгілеген межеге жету. Бұл айқаста мақсат – жеңіс. Ол – сенің қолыңда. Үретіндер көп,тістейтіндер аз. Сөйлейтіндер көп,істейтіндер аз.
Сондықтан берілме бауырым. Мен саған сенемін. Алла жар болсын", – деп жазды өнер иесі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!