- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Үнсіз пандемия!" Әнші...
"Үнсіз пандемия!" Әнші Роза Әлқожа Алматы мен Шымкенттегі жағдай туралы мәлімдеді
Фото:
instagram.com/roza_alqozha/
Әнші Роза Әлқожа Қазақстан аумағында пандемия әлі де болса жалғасып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Үнсіз пандемия! Адамның бәрі ауруханада емес, жеке ем шара бөлмелерінде. Алматыда да, Шымкентте де көргенім сол!", - деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Өткенде балаларының ауырып жатқанын хабарлаған Роза Әлқожа: "Бәрібір түбінде сыр беріп, өзің де системаға келгенсің ғой", - деп жазды ауруханада система алып жатқан суретін жариялап.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева